РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus

Стреспен күресу сырлары: Баянауыл көпсалалы колледжінде психологиалық тренинг өтті

Қазіргі қарқынды заманда стресс пен эмоционалдық жүктеме әрбір адамның өмірінде кездесетін қалыпты құбылысқа айналды. Осы орайда жастарға психологиялық қолдау көрсету және олардың күйзеліспен күресу дағдыларын дамыту мақсатында маңызды іс-шара ұйымдастырылды.

Үстүміздегі жылдың 14 қазанында Баянауыл көпсалалы колледжінде студенттерге арналған «Стресті қалай жеңеміз?» атты танымдық тренинг өтті. Тренингті білікті психолог Ибраева Айгерім Қанатовна жоғары деңгейде өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — қатысушыларға стресс ұғымы, оның адам ағзасы мен жүйке жүйесіне әсері туралы терең түсінік беру. Сонымен қатар, жастарға күнделікті өмірде немесе оқу барысында туындайтын қиын жағдайларда өзін-өзі реттеу, эмоцияны бақылау және стресске қарсы тұру (резильенттілік) дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударылды.

Практикалық тапсырмалар мен психологиялық жаттығуларға толы болған тренинг өз нәтижесін беріп, қатысушылардан оң пікірлер алды. Студенттер эмоционалдық тұрғыдан серпіліп, өз-өзін бақылаудың тиімді әдістерін меңгеріп шықты. Мұндай іс-шаралар жастардың психологиялық сауаттылығын арттырып, оқу орнындағы қолайлы ахуалды нығайтуға өз үлесін қосады.

Шығармашылық серпін: Колледж оқытушысы Кошанов Ернар облыстық мобилографтар байқауында марапатталды

Баянауыл көпсалалы колледжі оқытушыларының шығармашылық пен цифрлық технологиялар саласындағы жетістіктері артып келеді. Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған облыстық мобилографтар арасындағы «Tourism Vision: саяхатшының көзімен бейне» байқауы өз мәресіне жетті.

Аталған облыстық сайысқа колледж оқытушысы Кошанов Ернар белсенді қатысып, өңірдің туристік әлеуетін көркем де заманауи бейнеформатта көрсете білді. Шығармашылық тапқырлығы мен кәсіби шеберлігі үшін ол Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы С. А. Халеловтың Алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен (пауэрбанк) марапатталды.

Әріптесіміз Кошанов Ернарды кезекті марапатымен құттықтаймыз! Шығармашылық ізденістеріңіз бен цифрлық бастамаларыңыз тек сәттілікке ұласа берсін!