СЕНБІЛІК- ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІ

26-шы сәуір күні колледж ұжымы мен жатақхана студенттері «Тазалық акциясы» аясында кезекті сенбіліке шықты. Әкімшіліктен белгіленген маршрут бойынша колледждің территориясы қайта жинастырылып, Сабындыкөл қайыңды жағалауы тазаланды.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жанашырлықпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
Бүгінгі күні ауданның тазалығын қамтамыз ету мақсатында барлық аудан мекемелері тұрақты сенбілікке ат салысып келеді. Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Аталған шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Тұрақты сенбілік жұмыстары барысында күн санап көшелердің келбеті жаңаруда.