Жатақхана
Колледж жатақханасы негізгі ғимараттың оң жақ қанатында бірінші және екінші қабаттында орналасқан, сыйымдылығы 75 орын.
Жатақхана жарық, кең таза, қауіпсіз және мұнда барынша мүмкіндік жасалған.
Ер балалар мен қыз балалардың бөлмелері жеке-жеке. Бөлмелері 2025 жылы жаңа жиһаздармен, төсек орындарымен, жатар төсегімен жаңартылған. Еденге жаңа линолиум төселген, терезелерге жаңа перделері ілінген.
Ас бөлмеде жаңа ас шкафы, холодильник, тамақ ішетін үстел орындығы қойылған. Жуынатын бөлмеде душқа түсетін бірінші қабатта екеу, екінші қабатта екі душ кабиналары орнатылды.
Демалыс бөлмесінде үй жұмысын орындау үшін үстел орындық, отыратын диван, плазмалық телевизор, вай фай интернет тартылған.
Жатақханада жатақхана меңгерушісі және семанмен ауыспалы екі тәрбиеші қызмет атқарады.
Сабақтан тыс уақытта, жатақхана тұрғындары әр түрлі іс-шараларға, үйірмелер мен секцияларға қатысады.