Өзара ынтымақтастықтың жемісі

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Баянауыл көпсалалы колледжі арасында жасалған өзара ынтымақтастық аясында 2024-2025 оқу жылында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.
Бұл «Орман шаруашылығы», «Туризм», «Қонақ үй бизнес» сияқты жаңа мамандықтарды ашуға жасалып жатқан алғашқы қадамдар, түрлі экологиялық және табиғатты қорғау тақырыптарында өткізілген кездесулер, конурстар, «Қоңыр әулие үңгірі» маныңда жасалған сенбіліктер.
Осы өткізілген іс -шаралардың оқу жылындағы қорытындысы ретінде белсенді студенттерімізге Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өздерінің сыйлықтарын табыстады. Күтпеген тосын сый болған, бағалы сыйлықтарға студенттеріміздің көңілдері шаттанып қалды.
Табиғи парктің экскурсия жөнінде нұсқаушы — мемлекеттік инспектор Құрманов Алтынбек Жұматұлы студенттерге рахметін айтып, парк қызметкерлері атынан ризашылығын білдірді.
Колледж атынан осындай іс -шараларға ұйтқы болған, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі басшысы Жусупов Аджар Сагинтаевичқа ерекше алғысымызды білдіреміз және ары қарай өзара ынтымақтастық байланыстар жалғасын табады деп сенім білдіреміз!