Студент, сәтті сессия болсын!

2024-2025 оқу жылы да өз мәресіне жетіп қалды. барлық курс студенттері сынақтан өтіп, емтихандарын тапсыруда. 1-ші курс үшін бұл сын өзіңше күрделі, себебі барлық дерлі жалпы білім беру пәндерінен емтихандарын тапсырып, алғашқы курстарын аяқтауда.
Студенттер үшін барынша жағдай жасалуда, ақыл-кеңес сағаттары, кітапханада оқулықтарға және компьютер кабинетінде интернет желісіне қол жетімді ақпаратқа.
Барлығын мазалаған сұрақ «Қиындық туса қайтемін? «3» алсам не болады?»
Әрине шәкіраққыға оқу үлгерімі жақсы және өте жақсы оқитын студенттер ғана үмітті.
Сондықтан емтихан бір ғана сәттік дайындалып өтіп кететін меже емес, бұл маңдай термен оқып, сабақтан қалмай, күнделікті тапсырмаларды орындап, оқу барысына деген қарым-қатынасыңыздан бағаланатын сынақ.
Дегенмен, жас маман үшін — маңыздысы баға емес, маңыздысы оқу барысында алған білімі, тәжірибе кезінде жұмыстың әдіс-тәсірдерін меңгеруде қалыптасқан дағдылары мен іскерлік қабелеттері екендігін түсінген абзал.