Кәсіби үгіт насихат жұмысы

Колледждің қабылдау комиссиясы бекіткен жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 15-ші мамыр күні Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Ж. Ағаділов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ 9-11 сынып оқушыларына кәсіби үгіт-насихат жұмыстарымен колледж өндірістік оқыту шеберлері К.Б.Кошанова мен С.А.Сапарова барып қайтты.
Кездесу барысында жұмысшы мамандықтар туралы видеоролик көрсетіліп, арнайы басып шығарылған буклеттер таратылып, колледжге оқуға шақырамыз атты жарнамалар ілінді.
Толық жөндеуден өтіп жатқан мектептердің жағдайы көз қуантарлық екен. Оқушылар үшін барынша жағдай жасалуда.
Кездесу барысында қатысушы оқушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, бүгінгі колледж тыныс-тіршілігі туралы мәлімет берілді.