РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
2 октября, 2025

«Ардагер ұстаздарға – шынайы құрмет»

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Баянауыл көпсалалы колледжі өзінің ұлағатты ардагер ұстаздары мен еңбек зейнетіндегі қызметкерлеріне айрықша құрмет көрсетті.

 

2025 жылғы 1 қазанда колледждің акт залында студенттердің ұйымдастыруымен концерттік іс-шара өтті. Бұл мерекелік кеш барысында келген ардагер ұстаздарға гүл шоқтары мен алғыс хаттар, сондай-ақ кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтар табысталды. Студенттердің жүрекжарды ән-жырлары мен шығармашылық қойылымдары көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

 

Ал түрлі себептермен шараға қатыса алмаған ардагерлер де назардан тыс қалмады. Колледж басшысының орынбасары Е.М. Төлеубеков пен кәсіподақ төрайымы К.Б. Қошанова олардың үйлеріне арнайы барып, алғыс хат пен сыйлықтарын табыстап, құрметпен құттықтап қайтты.

 

Бұл игі шара – ардагер ұстаздарға деген шынайы ризашылық пен құрметтің айғағы. Еңбек жолында талмай тер төккен, бірнеше буын мамандарды тәрбиелеген ұстаздар үшін мұндай құрмет – ұрпақ алғысының белгісі.

 

Баянауыл көпсалалы колледжі ұжымының бұл игі бастамасы жастарға да үлгі болары сөзсіз.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide