«Болашақ мамандардан жүрекжарды құттықтау»
«Жұмысшы мамандықтар жылы» мен «Ұстаздар күніне» орай Баянауыл көпсалалы колледжінің студенттері ерекше құттықтау ролигін дайындап, өз ұстаздарына және еңбек адамдарына деген алғыстары мен құрметтерін білдірді.
Видеода студенттер әртүрлі мамандық иелерін – ұстаздарды, шеберлерді, техникалық бағытта еңбек етіп жүрген жандарды құттықтап, олардың еңбектеріне деген шексіз ризашылықтарын жеткізді. Олар өз сөздерінде:
«Сіздердің тәлімдеріңіз бен бағыттарыңыз – біздің болашағымыздың берік іргетасы. Еңбектеріңіз жана берсін! Құттықтаймыз!» – деп шынайы ықыластарын білдірді.
Студенттердің бұл бастамасы колледж ұжымын ерекше қуантты. Жылы лебізге толы видеоролик – ұстаз бен шәкірт арасындағы берік байланыстың айғағы. Бұл – тек құттықтау ғана емес, сонымен қатар еңбекке, ұстаздыққа деген құрмет пен ізеттіліктің үлгісі болды.
Осылайша, болашақ мамандар ұстаздарының еңбегін бағалап, өз шығармашылықтары арқылы шынайы алғыс білдіре алды. Мұндай игі бастамалар колледж дәстүрін байытып, ұрпақтар сабақтастығын нығайта түседі.