5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні!!!
Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, рухани мәдениетінің өзегі, ұрпақтар сабақтастығының кепілі. Ол – ұлт пен ұлысты біріктіретін, достық пен татулықты нығайтатын маңызды құрал. Қазақстанда тұратын әрбір ұлттың тілі мен мәдениетіне құрмет көрсету – ел бірлігінің, тұрақтылығының басты негізі.
Тілдер күні – еліміздегі халықтар достығының, өзара сыйластық пен ынтымақтастықтың айғағы. Бұл күн – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп қана қоймай, Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір этностың ана тіліне деген құрметті арттыруға бағытталған.
Осы мерекеге орай колледж студенттері арасында «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты танымдық іс-шара өтті. Шара аясында студенттерден құралған төрт команда арасында қызықты сайыс ұйымдастырылды. Командалар тіл туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар, викториналық сұрақтар, сахналық көріністер мен ән-жыр арқылы өзара бақ сынасты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, тілге деген құрметті, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттырып, көпұлтты Қазақстан жастары арасындағы бірлікті нығайтты.