РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
28 октября, 2026

Болашақ жарқын болсын: Баянауыл көпсалалы колледжінде жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында маңызды кездесу өтті

Жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – қоғамның басты басымдықтарының бірі. Осы мақсатта Баянауыл көпсалалы колледжінде студенттердің бойында салауатты өмір салтын қалыптастырып, АИТВ инфекциясы туралы дұрыс ақпарат беру бағытында кезекті маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Павлодар облыстық АИТВ инфекциясын алдын алу орталығының тәжірибелі педагогі Бараисова Құралай Ертаевна арнайы қонақ ретінде келіп, колледждің акт залында студенттермен жүздесу өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға инфекцияның жұғу жолдары, одан сақтану шаралары және қоғамдағы мифтер мен шындықтар туралы жан-жақты түсіндірілді.

Жиын тек теориялық ақпаратпен шектелмеді. Студенттердің назарына тақырыпқа сай танымдық бейнероликтер мен көрнекі презентациялар ұсынылып, өзекті мәселелер ашық талқыланды. Шара соңында 18 жасқа толған студенттер ерікті түрде АИТВ-ға қатысты экспресс-тестілеуден өтіп, өз денсаулықтарын бақылаудың маңыздылығын тәжірибе жүзінде көрсетті.

Аталмыш іс-шара “АИТВ инфекциясын алдын алу” тақырыбы аясында жоғары деңгейде өтіп, жастардың бұл мәселеге бейжай қарамайтынын, денсаулыққа жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide