6 ноября, 2026
Баянауыл көпсалалы колледжінде Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды
Бүгін Баянауыл көпсалалы колледжінде 1-курс студенттерінің қатысуымен маңызды кездесу өтті. Баянауыл аудандық Жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы Ильдин Ринат Қуатжанұлы студенттерге Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.
Кездесу барысында жастарды қолдау, сапалы білім алу, кәсіби даму және елдің болашағын қалыптастырудағы белсенді азаматтық ұстанымның маңызы кеңінен сөз болды. Ринат Қуатжанұлы студенттерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керектігін айтып, оларды ел дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.
Іс-шара соңында бірінші курс студенттері өзтерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.