13 октября, 2025
Баянауыл көпсалалы колледжінің мақтаныштары
2025 жылғы 11 қазанда Екібастұз қаласында кадеттер мен жасөспірімдер арасында гир спортынан Павлодар облысының чемпионаты өтті. Бұл дүбірлі додада Баянауыл ауданының намысын қорғаған студенттеріміз үздік нәтижелерге қол жеткізді.
«Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының ІІ курс студенттері Серіков Серікжан Саматұлы +78 кг салмақ дәрежесінде II орынды иеленсе, Кутайлаков Дамир Жанатович III орынға қол жеткізді.
Жас спортшыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз! Колледжіміздің абыройын асқақтатқан азаматтарымыздың жеңісі – барша ұжым үшін үлкен мақтаныш!