Заң аясындағы кездесу: Есірткі — болашағыңды құртады
2025 жылғы 10 қазан күні Баянауыл көпсалалы колледжінде маңызды құқықтық кездесу өтті. Аталған шараға Баянауыл аудандық прокуратурасының аға көмекшісі Н. Абдулхамит және көмекшісі Е. Еркеғали келген болатын.
Кездесу барысында прокуратура өкілдері колледж студенттерімен кездесе отырып, «Есірткіні қолданудың және таратудың зияны мен салдары» тақырыбында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар жастарға нашақорлықтың адам өміріне, денсаулығына, психологиясына және болашағына тигізетін орны толмас зияны жайлы нақты мысалдармен айтып өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тарату және пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін, бұл үшін қандай жаза түрлері қарастырылғанын да кеңінен түсіндіріп берді.
Шара барысында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, прокурорлар тарапынан нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Бұл кездесу білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың есірткі сынды қауіпті әрекеттерден аулақ болуына үлкен ықпалын тигізді.
Мұндай кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруда, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқарады.