Білім мен денсаулық үндестігі: колледжде медициналық-ағартушылық кездесу өтті
2025 жылғы 9 қазан күні Баянауыл көпсалалы колледжінде білім алушылар үшін денсаулық сақтау саласына қатысты маңызды әрі мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Шара аясында медицина саланың кәсіби мамандары арнайы келіп, студенттермен еркін форматта кездесу өткізді.
Атап айтқанда, дәріс оқуға келген мамандар:
* Баянауыл ауданы СЭБС бас маманы — Абдуева Г. Р.,
* СЭБС жетекші маманының м.а. — Файзолла А. Н.,
* Аудандық эпидемиолог дәрігері — Акимбекова Н. А.
Аталған мамандар колледждің акт залында проектор арқылы арнайы дайындалған презентациялар көрсетіп, өз бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында туберкулез, құтырма, вакцинация, ЖИТС (СПИД), жұқпалы аурулардың алдын алу және олардың салдары туралы кең көлемді ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттер тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС), түрлі аурулар, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты жайлы көптеген сұрақтар қойылып, білікті мамандардан нақты жауаптар алынды.
Шара өте қызықты әрі пайдалы өтті. Студенттер тек тыңдаушы болып қана қоймай, пікір алмасып, денсаулыққа қатысты көкейдегі сауалдарына кәсіби жауап алды.
Бұл кездесуді арнайы бекітілген жұмыс жоспары аясында колледждің медбикесі — Мұқашева Нагима Айтаханқызы жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Мұндай іс-шаралар жастардың медициналық сауаттылығын арттырып, денсаулықтарын сақтауға деген жауапкершілігін күшейтуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.