«Skaffold құралдарын пайдаланып оқу сабақтарын жобалау» тақырыбында шеберлік сағаты өтті
2025 жылдың 4 қарашасында Баянауыл көпсалалы колледжінде оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және заманауи педагогикалық технологияларды оқу процесіне енгізу мақсатында әдістемелік іс-шара ұйымдастырылды.
Оқу жұмысы бойынша басшы орынбасары Масакбаева Наталья Маданиетовна мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Садыкова Гульнагима Кенжебековна бірлесіп «Skaffold құралдарын пайдаланып оқу сабақтарын жобалау» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Іс-шараға колледждің инженерлік-педагогикалық кадрлары қатысып, жаңа әдістемелік тәсілдерді тәжірибеде қолдану жолдарымен танысты. Шеберлік сағаты барысында қатысушыларға Skaffold әдісі арқылы сабақ құрылымын жоспарлау, оқушылардың белсенділігін арттыру және білімді біртіндеп меңгертудің тиімді тәсілдері көрсетілді.
Масакбаева Н.М. мен Садыкова Г.К. өз тәжірибелерінен мысал келтіріп, оқу сабақтарын жобалау кезінде оқушылардың жеке қабілетін ескерудің, тапсырмаларды кезең-кезеңімен ұйымдастырудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, педагогтерге арналған практикалық тапсырмалар ұсынылып, қатысушылар жаңа білім беру құралдарының артықшылықтарын тәжірибе жүзінде байқап көрді.
Аталған іс-шара оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи білім беру әдістерін меңгеруге және тәжірибе алмасуға бағытталды. Бұл шеберлік сағаты — колледж ұжымының үздіксіз даму мен жаңашылдыққа ұмтылысының айқын көрінісі болды.