ХАБАРЛАНДЫРУ
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Баянауыл көпсалалы колледжі аудандық Жастар орталығымен бірлесе отырып, аудан жастары арасында «Өз ісінің шебері» атты кәсіби шеберлік конкурсын өткізеді.
Конкурсқа «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығында оқитын колледж студенттерімен қатар, осы бағытқа қызығушылық танытқан және қатысуға ниет білдірген барлық азаматтар қатыса алады.
Конкурстың мақсаты:
– жастардың кәсіби шеберлігін арттыру;
– жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру;
– шығармашыл әрі еңбекқор жас мамандарды анықтау және қолдау;
– тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсыну;
– аудан жастары арасында техникалық мамандықтарға қызығушылықты дамыту.
Конкурс барысында қатысушылар құрылыс саласына қатысты практикалық және теориялық тапсырмалар орындап, өз кәсіби біліктілігі мен шеберлігін танытады. Үздік деп танылған қатысушыларға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табысталады.
Қатысу шарттары, талаптары және конкурс уақыты жайлы толық ақпаратты жарнама парағындағы байланыс телефондары арқылы біле аласыздар.
Барлық белсенді жастарды қатысуға шақырамыз!
Өз шеберлігіңді дәлелде, жаңа мүмкіндіктерге жол аш!