РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
1 декабря, 2025

Баянауыл көпсалалы колледжінде нашақорлыққа қарсы ақпараттық акция өтті

Баянауыл көпсалалы колледжінде оқу орнының белсенді жастарының бастамасымен нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық акция ұйымдастырылды. Іс-шара жастар арасында зиянды әдеттердің зияны туралы түсінікті арттырып, дұрыс өмірлік таңдауға бағыттауға арналды.

Акция барысында колледждің белсенді студенттері оқу корпустары мен жатақхана аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құрдастарына нашақорлықтың денсаулыққа, болашаққа және қоғамға тигізетін теріс әсерлері туралы ақпарат берді. Студенттер арнайы дайындалған «Нашақорлыққа қарсымыз» атты ақпараттық бюллетеньдер таратып, есірткіге қарсы тұрудың маңыздылығын түсіндірді.

Шараның негізгі мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, олардың санасында денсаулықтың құндылығын нығайту және зиянды әдеттерден сақ болу қажеттігін көрсету болды. Акцияға қатысушылар спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, бос уақытты тиімді өткізу және жағымды орта қалыптастырудың жастар өміріндегі рөліне тоқталды.

Колледж әкімшілігі мен тәлімгерлер жастардың бастамасын қолдап, мұндай іс-шаралардың оқушылардың жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide