РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
20 февраля, 2026

«Ұтқыр ой алаңы» – білім мен парасат тоғысқан кеш

Баянауыл аудандық кітапханада 19 ақпан күні «Кешкі кітапхана» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ұтқыр ой алаңы» зияткерлік сайысы жастар мен ұстаздардың басын қосқан мазмұнды әрі тағылымды шараға айналды.

Сайысқа «Шабыт», «Талант», «Парасат» топтары қатысып, музыка, кино және әдебиет бағыттары бойынша өзара білім жарыстырды. Қатысушылар әр кезеңде жылдамдық, логикалық ойлау және сөз саптау шеберлігі бойынша сынға түсіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – «Жасанды интеллект адамды алмастыра ма, әлде көмекші құрал ма?» тақырыбындағы пікірталас болды. Командалар өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен негіздеп, заманауи технология мен адам еңбегінің үйлесімі туралы тұжырымдарын мәдениетті түрде қорғады. Бұл бөлім қатысушылардың сыни ойлау қабілеті мен заман ағымына бейім көзқарасын айқындады.

Қорытынды нәтижеге сәйкес, I орынды Ш.Айманов атындағы ЖОББ гимназия мектеп-интернаты ұстаздарынан құралған «Талант» тобы иеленді.
II орын Баянауыл көпсалалы колледжі ұстаздары – «Шабыт» тобына бұйырды.
III орынды Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінен құралған «Парасат» тобы жеңіп алды.

Зияткерлік кеш білім мен бәсекенің, ой мен мәдениетті пікір алмасудың жарқын үлгісі болды.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide