Колледждің қыздар қауымы ер азаматтарды мерекемен құттықтады
2026 жылғы 6 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне орай Баянауыл көпсалалы колледжінің қыздар қауымы колледждің акт залында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Іс-шара барысында колледждің ер азаматтарына арналған жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылып, патриоттық әндер шырқалып, көркем өнер көрсетілді. Мерекелік кештің басты мақсаты – ел тыныштығын қорғап жүрген азаматтарға құрмет көрсету және жастар арасында отансүйгіштік рухты насихаттау болды.
Концерттік бағдарлама барысында студенттер мен оқытушылар өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ерлер қауымына алғыс білдіріліп, мықты денсаулық, отбасылық амандық және еңбектеріне табыс тілінді.
Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.