Колледжде Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті
22 Наурыз мерекесіне орай Баянауыл көпсалалы колледжінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарлама барысында студенттер мен оқытушылар концерттік қойылымдар ұсынып, әсем әндер шырқалып, ұлттық билер орындалды. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрлері насихатталып, көпшілікке «Бесікке бөлеу» дәстүрі көрсетілді.
Іс-шара аясында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенді түрде бақ сынасты. Атап айтқанда, арқан тарту, асық ату секілді ойындар ойнатылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекенің басты мақсаты – жастарға қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды.
Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.