РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
9 сентября, 2026

Еңбек күні аясындағы құрылыс объектісіне өндірістік экскурсия 

2026 жылғы 9 қыркүйекте Еңбек күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында Баянауыл көпсалалы колледжінің «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» және «Дәнекерлеу ісі» мамандықтарының студенттері өндірістік оқыту шеберлері Масакбаев К.М. және Даныбай С.З. басшылығымен көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс учаскесіне өндірістік экскурсияға барды.

Экскурсия барысында студенттер құрылыс алаңындағы жұмыс үдерісімен, ғимарат салудың негізгі кезеңдерімен, құрылыс және дәнекерлеу жұмыстарының ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар мамандар жұмыс орнын ұйымдастыру, заманауи құрал-жабдықтарды пайдалану және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы түсіндірді.

Өндірістік экскурсия студенттерге сабақ барысында алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, болашақ мамандықтарының ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

Студенттерге құрылыс барысымен жақын танысуға мүмкіндік беріп, тәжірибесімен бөліскені және жылы қабылдағаны үшін құрылыс басшысы Окасов Е.-ге ерекше алғысымызды білдіреміз!

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide