РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
16 сентября, 2026

Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі

Баянауыл көпсалалы колледжінде студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында кезекті маңызды кездесу өтті. Колледж медбикесінің ұйытқы болуымен тәрбие жұмысы жоспары аясында өткізілген шара «Туберкулез бен құтырманың алдын алу және олардан сақтану жолдары» тақырыбына арналды.

Түсіндірме шарасына Баянауыл аудандық ауруханасы мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының білікті мамандары арнайы шақырылды. Кездесуге Баянауыл аудандық СЭББ бас маманы Г. Р. Абдуева, СЭББ жетекші маманының м. а. А. Н. Файзолла және аудандық аурухананың дәрігер-эпидемиологы Н. А. Акимбекова қатысып, студенттерге өзекті ақпараттар берді.

Жиын барысында мамандар туберкулездің алғашқы белгілері, берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып өтті. Әсіресе, дұрыс тамақтану, жеке гигиенаны сақтау және уақытылы флюорографиялық тексеруден өтудің маңыздылығы баса айтылды. Сонымен бірге, соңғы кездері жиі сөз болып жүрған құтырма ауруының қауіптілігі, үй жануарлары мен бұралқы ит-мысықтардан келетін қатерлер және жарақат алған жағдайда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек алгоритмі түсіндірілді.

Студенттер өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мамандардан тұщымды жауаптар алды. Кезесу соңында қатысушыларға арнайы ақпараттық жадынамалар мен парақшалар таратылды. Осындай танымдық шаралар жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын орнықтыруға үлкен үлес қосары сөзсіз.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide