РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
21 сентября, 2026

Аспаз мамандығы: шеберлік, жауапкершілік және еңбек мәдениеті

Павлодар облысы білім беру басқармасының Еңбек күнін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 13-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Өндірістегі 10 күн» акциясы шеңберінде Баянауыл көпсалалы колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ТҰ-32 тобында «Аспаз мамандығы: шеберлік, жауапкершілік және еңбек мәдениеті» тақырыбында танымдық сынып сағаты өтті.

Іс-шараны өндірістік оқыту шебері Қ.Б. Кошанова ұйымдастырды. Сынып сағатының басты мақсаты – студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру, кәсіби шеберлік пен еңбек мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ өндірістегі еңбек тәртібі мен санитарлық-гигиеналық талаптардың маңыздылығын түсіндіру болды.

Кездесу барысында студенттер «Менің мамандығым – менің болашағым» айдарында пікір алмасып, нағыз аспазға тән басты қасиеттерді – жауапкершілік, ұқыптылық, еңбекқорлық және шығармашылық ізденісті талқылады. Сонымен қатар, өндіріс ошағындағы қауіпсіздік ережелері мен жұмыс орнының тазалығын сақтау мәселелері кеңінен сөз болды. Шара соңында студенттерге кәсіби шеберліктерін шыңдап, болашақта өз ісінің бәсекеге қабілетті маманы болуға тілек білдірілді.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide