Елдік Челлендж & «Алғыс алаңы»: Баянауыл көпсалалы колледжінің болашақ аспазшылары ұстаздарын құттықтауда
2026 жылдың 29 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында өтіп жатқан ТжКББ жүйесі қызметкерлерінің мерекелік онкүндігі аясында Баянауыл көпсалалы колледжінде республикалық «Елдік Челлендж» және «Алғыс алаңы» визуалды-интерактивті жобасы кең көлемде өтуде.
Осы айтулы бастамаға «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 3-курс студенттері де белсене қатысып, өздерінің ардақты оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған арнайы стильдендірілген құттықтау плакатын әзірледі.
Студенттер өз сөзінде:
«Қымбатты ұстазымыз! Сізді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, әр күніңізге қуаныш пен бақыт тілейміз! Бізге білім мен тәлім бергеніңіз, жақсы жол көрсеткеніңіз үшін алғысымыз шексіз! Сіз әрдайым біздің жүрегімізде қаласыз!» — деп, аяулы мұғалімдеріне ыстық лебіздері мен шексіз ризашылықтарын білдірді.
Бұл бастама ұстаз бен студент арасындағы сенім мен сыйластықты нығайтып, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге және бірыңғай корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосуда.