РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
9 октября, 2026

Ел ертеңі – салауатты да саналы жастар: Колледж студенттерімен маңызды кездесу өтті

2026 жылдың 9 қазанында Баянауыл көпсалалы колледжінде жастардың бойында заңдылық пен тәртіпті, құқықтық маңыздылықты қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаты аясында кезекті кездесу ұйымдастырылды.

Шара Баянауыл аудандық Жастар орталығының басшысы Ильдин Ринат Қуатжанұлының бастамасымен өтіп, оған аудандық Ішкі істер бөлімінің және Мешіт өкілі арнайы қатысты. Келелі жиынның басты тақырыбы – «Діни экстремизм ұғымы, белгілері және жалған терроризм» деп аталды.

Шараның басты мақсаты – студенттер арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу, ғаламтор кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және көрінеу жалған терроризм акциялары үшін қарастырылған заңды жауапкершіліктерді ескерту болып табылады.

Кездесуде сөз алған спикерлер өзекті мәселелерді жан-жақты баяндап берді:

  • Баянауыл аудандық Ішкі істер бөлімінің өкілдері көрінеу жалған терроризм (жалған бомба немесе қауіп туралы хабарлау) фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінде қарастырылған ауыр жазалар мен оның құқықтық салдары туралы нақты мысалдармен және сталкинг не екендігі түсіндірді.
  • Мешіт өкілі (имам) дәстүрлі асыл дініміздің тазалығын, жастарды теріс ағымдардың арбауынан сақтау жолдарын және ресми емес ақпарат көздеріне сенбеу керектігін айтты.
  • Жастар орталығының басшысы Р. Қ. Ильдин жастардың сапалы білім алып, қоғамда белсенді болуы – кез келген жат ағымдарға қарсы ең үлкен тосқауыл екенін атап өтті.

Жиын соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұщымды жауаптар алды. Осындай маңызды профилактикалық кездесулер жастардың заңға бағынушылық мәдениетін арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға зор үлес қосады.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide