10 октября, 2026
«Адал азамат» бағдарламасы: Баянауылда тәрбие жұмысының өзекті мәселелері талқыланды
2026 жылғы 9 қазанда Баянауыл ауданының С. Торайғыров атындағы мектебінде «Мобильді әдіскер» облыстық жобасы аясында «Адал азамат» бағдарламасы шеңберіндегі тәрбие жұмысының жүйесі» атты семинар-практикум өтті.
Іс-шараға Баянауыл ауданының білім беру ұйымдарының әдіскерлері, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Семинар барысында келесі өзекті мәселелер мен бағыттар қаралды:
- «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: негізгі құндылықтардан жүйелі тәжірибеге дейін;
- «Заң және Тәртіп» пен «Таза Қазақстан» бағыттары: іс-шараларды жүзеге асыру алгоритмдері;
- Интерактивті практикум: «Заң және тәртіп: Жаңа форматтағы құқық»;
- «Еңбек адамы» бағыты: іс-шараларды жүзеге асыру алгоритмдері және «Адал еңбек – саналы таңдау» әдістемелік тренингі;
- «Тәрбие ошағы» жобасы: іс-шараларды іске асыру алгоритмдері және «Сенім бар жерде – тәрбие бар» практикумы.
Семинар-практикум өте мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Қатысушылар ұсынылған тұжырымдамалар мен бағыттарды әрі қарай іс жүзінде қолдану және тереңдетіп зерттеу үшін қажетті бағалы білім мен іс-тәжірибелік дағдыларға ие болды.