РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
21 октября, 2026

Бейімделу кезеңі қалай өтуде? Баянаулы көпсалалы колледжінде 1-курс студенттеріне арналған анонимді сауалнама басталды

Мектеп табалдырығынан шығып, колледж қабырғасына қадам басу – әрбір жастың өміріндегі үлкен өзгеріс әрі маңызды кезең. Жаңа орта, басқаша оқыту жүйесі және жаңа ұжым студенттерден белгілі бір бейімделуді талап етеді. Осы орайда білім алушылардың жаңа оқу ортасына тез үйренісіп кетуіне қолдау көрсету мақсатында маңызды бастама қолға алынды.

Баянаулы көпсалалы колледжінде 1-курс студенттеріне арналған «Мектептен колледжге: 1-курс студенттерінің көзқарасы» атты анонимді сауалнама өткізілуде.

Сауалнаманың басты мақсаты — жас мамандардың жаңа оқу ортасына бейімделу деңгейін жан-жақты анықтау. Сонымен қатар, колледж қабырғасындағы оқу үдерісінің сапасын жақсарту үшін білім алушылардан шынайы кері байланыс алу көзделген.

Анонимді формат студенттердің өз ойларын еш қысылмай, ашық жеткізуіне, туындаған қиындықтар мен ұсыныстарын бүкпесіз бөлісуіне мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер мен пікірлер алдағы уақытта студенттердің колледж өміріне бейімделуін жеңілдетуге және оқу сапасын арттыруға бағытталған тиімді шараларды қабылдауға негіз болмақ.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide