РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
15 октября, 2026

«Қосымша білім берудегі сапалы орта: инклюзиядан жасанды интеллектке дейін»

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК қолдауымен онлайн форматта өзекті вебинар өтіп өтті. Инклюзивті білім беру мен заманауи цифрлық технологияларды ұштастыру мәселелеріне арналған бұл шараға Баянауыл көпсалалы колледжінің педагог-психологі Ибраева Айгерим Канатқызы спикер ретінде қатысты.

Вебинар барысында «Қосымша білім берудегі сапалы орта: инклюзиядан жасанды интеллектке дейін» тақырыбы кеңінен талқыланды. Айгерим Канатқызы өз сөзінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін қолайлы әрі инклюзивті орта құрудың психологиялық-педагогикалық аспектілеріне тоқталды. Сонымен қатар, оқыту үдерісін дараландыруда және балалардың танымдық белсенділігін арттыруда жасанды интеллект құралдарын тиімді қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Спикердің тәжірибелік идеялары мен практикалық ұсыныстары қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, қосымша білім беру жүйесіндегі сапалы ортаны дамытуға өз үлесін қосты.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide