РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
6 ноября, 2026

Баянауыл көпсалалы колледжінде «Әділет» партиясы филиалының төрағасымен кездесу өтті

Бүгін Баянауыл көпсалалы колледжінің ұжымымен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Жиын барысында «Әділет» партиясы Баянауыл аудандық филиалының төрағасы Қуаныш Шалбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басымдықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу кезінде елдегі саяси-экономикалық өзгерістер, мемлекеттік бағдарламалардың маңызы және қоғамдағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Қуаныш Қуатұлы Жолдауда көрсетілген міндеттерді іске асыруға әрбір азамат, әсіресе еңбек ұжымдары мен жастар белсенді атсалысуы қажет екенін атап өтті.

Жиын соңында колледж қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide