24 ноября, 2026
Психологиялық акция «Бүгін менің көңіл күйім қандай?»
Колледж студенттерінің эмоционалдық жағдайын анықтау, өз көңіл күйін түсінуге, эмоцияларын тануға және еркін білдіруге мүмкіндік беру мақсатында «Бүгін менің көңіл күйім қандай?» атты психологиялық акция ұйымдастырылды.
Акция барысында студенттер ұсынылған көңіл күй түстері мен смайликтер арқылы өздерінің бүгінгі эмоционалдық жағдайын білдірді. Қатысушыларға жағымды эмоцияларды қалыптастыру, көңіл күйді көтеру, өз сезімдеріне назар аудару және психологиялық қолдау көрсету бағытында жұмыстар жүргізілді.
Акция студенттердің белсенді қатысуымен, жылы атмосферада өтті. Іс-шара барысында студенттер өз көңіл күйімен бөлісіп, жағымды эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күйге бөленді.