Достық – татулық тірегі: «Менің досым» атты челлендж қалай өтті?
«Досболайық» бағдарламасы аясында мектеп қабырғасында студенттердің басын қосқан мағыналы да игі шара – «Менің досым» атты челлендж ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластық пен мейірімділікті қалыптастырып, бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар өз достары туралы жылы лебіздерін білдіріп, достықтың қадірі мен маңыздылығын ерекше сезіммен жеткізді. Олар достыққа деген өз көзқарастарымен бөлісіп, шынайы достық тек сенімнен, қамқорлықтан және шынайы түсіністіктен басталатынын көрсетті.
Аталған челлендж студенттердің бір-біріне деген құрметін арттырып қана қоймай, ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға зор ықпал етті.
Ұмытпайық, достық – татулықтың тірегі, сыйластықтың белгісі!