РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
16 ноября, 2026

Баянауыл көпсалалы колледжінің 1-курс студенттеріне салтанатты түрде студенттік билеттер табысталды

Баянауыл көпсалалы колледжінде бірінші курс студенттеріне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталмыш маңызды күнде «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша білім алуға қабылданған студенттерге ресми түрде студенттік билеттер табысталды.

Колледж басшылығы мен оқытушылары жас талапкерлерді студенттік өмірдің жаңа кезеңімен құттықтап, оқуларына сәттілік, шығармашылық табыс және таңдаған кәсіптерінің нағыз шебері атануды тіледі. Болашақ құрылысшылар мен тамақтандыру саласының мамандары үшін бұл күн — кәсіби жолдағы алғашқы әрі айтулы қадам.

Студенттік билет — білім ордасының толыққанды мүшесі екендігін растайтын құжат қана емес, сонымен қатар ізденіс пен кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатын белгі. Жаңа оқу жылында 1-курс студенттеріне толағай табыстар тілейміз!

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide