Қазан айында аудандым ШЖҚ
Колледж бен «Баянауыл аудандық ауруханасы» КМК арасындағы жоспарлы жұмыстар аясындаағымдағы жылдың қазан айының 11-ші жұлдызы емхананың тәжірибелі психологы Абылкасова СалтанатОрынтаевна колледж студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты проблемалық жағдайларды тиімді шешу дағдыларын қалыптастыру болды.Қойылған міндеттер: білім алушылардың арасында жақсы қарым-қатынас туралы түсініктерін қалыптастыружәне проблемалық жағдайларды шешу стратегиясын құруды үйрету.
Салтанат Орынтаевна осындай кездесудің мақсатына қатысты келесі түсініктеме берді:»Мен студенттерменкездесуім керек, адамдар ауданда психологиялық қызмет бар екенін, қиын проблемалық жағдайлардажүгінетін адамдар болатынын, басқа қызметтер де көрсетілетінін білуі үшін.Кездесу форматы танысу мен түсініктеме беруден соң, тренинг түрінде өтті. Тренингке II курс студенттерібелсене қатысты, барысы қызықты, соңы көтеріңкі көңіл күйде аяқталды.