РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
13 ноября, 2026

«Қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі»: Баянауыл ауданы көпсалалы колледжінде құқықтық білім күні өтті

Баянауыл ауданы көпсалалы колледжінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі» атты мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, оларды заң талаптарымен таныстыру және өмірлік қауіпсіздік негіздерін түсіндіру.

Колледж қабырғасында өткен маңызды кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері арнайы қатысты. Атап айтқанда, Баянауыл ауданы ПБ басшысының орынбасары, полиция подполковнигі С.А. Елемесов, Тергеу бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Б.М. Амирханов және КТІ жөніндегі УПИ А.Б. Бауыржан студенттермен жүздесіп, өзекті мәселелер бойынша ақыл-кеңестерін берді.

Кездесу барысында қонақтар оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жолдары туралы жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ жастарды толғандырған сұрақтарға жауап беріліп, құқықтық білімнің әрбір азамат үшін маңызы зор екені атап өтілді.

Колледж ұжымы мен студенттері тәртіп сақшыларына алғыс білдіре отырып, мұндай тәрбиелік маңызы бар шаралардың жастардың саналы ұрпақ болып өсуіндегі рөлі ерекше екенін атап өтті.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide