Баянауыл көпсалалы колледжінің мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараты
2024 жылғы 4 қыркүйекте Баянауыл көпсалалы колледжінің ұжымы алдында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша әкімшілік есебі тыңдалды.
Бұл дипломдардың телнұсқаларын беру, қабылдау комиссиясының жұмыс қорытындылары, студенттерге жатақханадан орын беру, педагогтарды аттестаттау, қабылдау және қалпына келтіру.
2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыс 45 бюджеттік орынға жоспарланған. Келесі мамандықтар бойынша: Дәнекерлеу ісі – 15 адам; Тамақтандыруды ұйымдастыру – 15 адам; Ғимарат пен құрылысты салу және пайдалану – 15 адам. Өтініштердің көптігіне байланысты 9 адамға қосымша бюджеттік орындар берілді. Қабылдау 54 адамды құрады.
Жатақханаға мұқтаж студенттерге бюджеттік негізде орындар берілді.
Инженерлік-педагогикалық кадрларға біліктілік санатын беру (растау) жоспарына сәйкес 2 оқытушыға біліктілік санаты берілді