РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
21 сентября, 2026

Ас әзірлеу – қолөнер емес, өнер: Баянауыл көпсалалы колледжінде Еңбек күніне арналған сынып сағаты өтті  

Павлодар облысының білім беру басқармасының Еңбек күнін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 13-тармағын орындау аясында Баянауыл көпсалалы колледжінде маңызды кәсіптік бағдар беру шарасы ұйымдастырылды. Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығының ТҰ-12 тобында «Ас әзірлеу – қолөнер емес, өнер» тақырыбында тартымды сынып сағаты болып өтті.

Шараны өндірістік оқыту шебері З.К. Кунгожина жоғары деңгейде өткізді. Ол өз сөзінде адал еңбек пен кәсіби шеберліктің қоғамдағы орнына ерекше тоқталып, аспаздық мамандығы тек техникалық дағдыны емес, шығармашылық шабыт пен үлкен жауапкершілікті талап ететін нағыз өнер екенін студенттерге ұғындырды. Іс-шара барысында студенттер Еңбек адамының мәртебесін ұлықтап, өз мамандықтарына деген мақтаныш пен сүйіспеншіліктерін арттыра түсті.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide