РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
9 мая, 2026

Баянауыл көпсалалы колледжінде Жеңіс күніне арналған іс-шаралар өтті

2026 жылғы 8 мамыр күні Баянауыл көпсалалы колледжінде Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында студенттер мен оқытушылар патриоттық әндер орындап, соғыс жылдарындағы батырлардың ерлігіне арналған өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, жастарға Отанды сүю, ел тарихын құрметтеу және бейбіт өмірдің қадірін түсіндіруге бағытталған тәрбиелік жұмыстар жүргізілді.

Ал 9 мамыр күні Баянауыл ауылындағы Жеңіс ескерткіші жанында өткен еске алу шарасына колледж басшысы Мүбәрак А.М., колледж ұжымы және аудан мекемелерінің басшыларымен бірге қатысты. Іс-шара барысында Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлар бір минут үнсіздікпен еске алынды.

Мерекелік және еске алу шаралары жастардың бойында патриоттық рух қалыптастырып, ел тарихына деген құрметті арттыруға бағытталды.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide