РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
16 мая, 2026

Баянауыл көпсалалы колледжінің үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

2026 жылғы 15 мамыр күні Баянауыл көпсалалы колледжінің оқытушылары Искаков Е.Б., Кошанов Е.К., Даныбай С.З. және кітапханашы Уалиева С.Е. кәсіби бағдар беру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Күркелі, Қаражар, Ақсан және Егіндібұлақ ауылдарына іссапармен барып қайтты.

Кездесу барысында колледж мамандары ауыл мектептерінің 9-сынып оқушыларымен жүздесіп, Баянауыл көпсалалы колледжінде білім алудың артықшылықтары, оқу орындарындағы мамандықтар, қабылдау талаптары мен студенттерге жасалған мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, білім алушыларға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар жөнінде түсіндіріліп, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар берілді.

Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледждің оқу үдерісі, өндірістік тәжірибе, шәкіртақы және студенттік өмір жайында толық мәлімет алды.

Осындай кездесулер жастардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына ықпал етіп, ауыл мектептері мен колледж арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide