РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
15 апреля, 2026

Баянауыл көпсалалы колледжінің мамандары мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді

2026 жылғы 15 сәуір күні Баянауыл көпсалалы колледжінің оқытушысы Садыкова Г.К. және тәрбиеші Тукенов Ж.К. кәсіби бағдар беру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Е. Бекмаханов атындағы жалпы білім беру орта мектебіне, Ақши бөлімшесінің мектебіне және Ә. Марғұлан атындағы жалпы білім беру орта мектебіне барып қайтты.

Кездесу барысында 9-сынып оқушыларына колледждегі мамандықтар, оқу жүйесі, қабылдау ережелері және студенттерге жасалған мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар таныстырылып, болашақ кәсіпті дұрыс таңдаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Оқушылар колледждегі оқу үдерісі, өндірістік тәжірибе, студенттік өмір және шәкіртақы мәселелері бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Мұндай кәсіби бағдар беру шаралары мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, колледж бен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide