Баянауыл көпсалалы колледжінің оқытушылары мектеп оқушыларымен кездесу өткізді
2026 жылғы 13 мамыр күні Баянауыл көпсалалы колледжінің оқытушылары Төлеубеков Е.М. мен Искаков Е.Б. З. Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебіне барып, 9 «А» және 9 «Ә» сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, оқу үдерісі, қабылдау ережелері және студенттерге жасалған мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар таныстырылып, болашақ кәсіпті дұрыс таңдаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледждегі студенттік өмір, тәжірибелік сабақтар мен оқу мүмкіндіктері жайлы толық мәлімет алды.
Мұндай кәсіби бағдар беру кездесулері мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беріп, оқу орындары арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.