РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
30 апреля, 2026

Баянауыл көпсалалы колледжінің студенттері «Worldskills Pavlodar-2026» аймақтық чемпионатында бақ сынады

2026 жылдың 28-29 сәуірі аралығында «Екібастұз политехникалық колледжі» ШЖҚ КМК базасында Павлодар облысының колледж студенттері арасында кәсіби шеберліктің «Worldskills Pavlodar-2026» аймақтық байқауы өтті. Бұл айтулы додада «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша біздің Баянауыл көпсалалы колледжінің намысын лайықты қорғаған құрама команда қатысып қайтты.

Колледжіміздің атынан аталмыш сайысқа келесі үміткерлеріміз барды:

  • Қатысушы студент: «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының 2-курс студенті Бадин Нұрбахыт;
  • Тәлімгер студент (компетенция бойынша көмекші): Тутанов Қуанышбек;
  • Жетекші өндірістік оқыту шебері Масакбаев Кабылжан Максутович.

Екі күнге созылған тартысты бәсекеде студенттер кірпіш қалаудың күрделі модульдерін орындап, сызбамен жұмыс істеуде, дәлдік пен жылдамдықты сақтауда өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Нұрбахыт пен Қуанышбек өз мамандықтарына деген адалдықтарын және жоғары дайындық деңгейін байқатты.

Бұл жолы жүлделі орындар бұйырмаса да, біздің студенттеріміз аймақтық деңгейдегі үлкен тәжірибе жинақтап, өз шеберліктерін шыңдай түсті. Жарыс қорытындысы бойынша қатысушыларымызға кәсіби деңгейін растайтын арнайы Сертификаттар табысталды.

«Мұндай ауқымды кәсіби додалар студенттердің өз күшіне деген сенімділігін арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін өсіреді. Орын алмасақ та, бұл біз үшін үлкен белес және алдағы жеңістердің баспалдағы», — деп атап өтті өндірістік оқыту шебері Кабылжан Максутович.

Студенттеріміз бен жетекшімізге кәсіби шеберлік байқауына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз және алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз! Болашақ құрылысшыларымыздың еңбегі жана берсін!

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide