«Білім алмасу»: Болашақ аспазшы ши бауырсақ пісірудің қыр-сырын үйретті
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне арналған мерекелік онкүндік аясында Баянауыл көпсалалы колледжінде «Білім алмасу» жобасы бойынша шеберлік-сыныбы өтті.
Шара барысында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 2-курс студенті Есенгельдинова Марияш өзінің топтас қатысушыларына ұлттық дәм – ши бауырсақ пісірудің қыр-сырын көрсетіп, практикалық сабақ өткізді. Шараға жетекшілік еткен – өндірістік оқыту шебері Кунгожина Зару Каскирбаевна.
«Білім алмасу» жобасының негізгі мәні – білім берудің екіжақты үдеріс екенін көрсету, білім алушылардың көшбасшылық қабілеті мен тәлімгерлік дағдыларын дамыту, сондай-ақ өзара құрмет пен ұжымдық рухты нығайту болып табылады. Сабақ барысында студенттер десерт пен ұлттық тағамдарды дайындаудың технологиялық әдістерін меңгеріп, өзара тәжірибе алмасты.
Бұл бастама студенттердің өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттырып, кәсіби шеберлікке ұмтылуына үлкен серпін берді.