РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
9 сентября, 2026

Еңбек күні аясындағы өндірістік экскурсия

2026 жылғы 9 қыркүйекте Еңбек күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында Баянауыл көпсалалы колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері өндірістік оқыту шеберлері Кошанова Қ.Б. және Кунгожина З.К. басшылығымен өндірістік экскурсияға барды.

Экскурсия барысында студенттер «Баянтау» демалыс орны мен мейрамханасының және жеке кәсіпкер Кошанова Саруардың наубайханасының жұмысымен танысты. Кәсіпорын мамандары білім алушыларға тағам дайындау үдерісін ұйымдастыру, жұмыс орнын жабдықтау, санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау, тұтынушыларға қызмет көрсету және нан-тоқаш өнімдерін өндірудің ерекшеліктері туралы айтып берді.

Өндірістік экскурсия студенттерге сабақ барысында алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, болашақ мамандықтарының қыр-сырын тереңірек түсінуге және кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Сондай-ақ білім алушылар еңбек адамдарының күнделікті жұмысын көріп, кәсіби шеберлік пен жауапкершіліктің маңызын сезінді.

Осындай кездесулер студенттердің жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, еңбекке құрметпен қарауға және болашақ мамандығын саналы түрде меңгеруге ықпал етеді.

Экскурсияны ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, студенттерге өндіріс барысымен жақын танысуға мүмкіндік бергені, тәжірибелерімен бөлісіп, жылы қабылдағаны үшін кәсіпорын басшылары Омарова Алима және Кошанова Саруар ханымдарға ерекше алғысымызды білдіреміз!

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide