1 октября, 2026
Елдік челлендж: Баянауыл көпсалалы колледжінің студенттері ұстаздарды мерекемен құттықтауда
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне арналған мерекелік онкүндік аясында Баянауыл көпсалалы колледжінде республикалық «Елдік Челлендж» кеңінен өтуде.
Студенттер өздерінің аяулы оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне, колледж әкімшілігі мен ұжымына арнап жүрекжарды құттықтаулары мен алғыс тілектерін жолдап жатыр. Білім алушылар әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында фото-бейне құттықтаулар жариялап, ұстаздар еңбегінің маңыздылығын атап өтуде.
Бұл бастама ұстаз бен студент арасындағы сыйластық пен сенімді арттырып, біртұтас «алғыс лентасын» қалыптастыруға бағытталған. Барлық құттықтау жазбалары арнайы хэштегтермен белгіленуде.