Күзет қызметі өкілдерімен кездесу өтті
Бүгін Баянауыл көпсалалы колледжінде студенттермен күзет қызметі өкілдерінің кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге күзет қызметінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мамандар студенттерге күзет қызметінің қоғамдағы маңызы, негізгі міндеттері мен жауапкершілігі туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар қызмет барысында қойылатын талаптар, тәртіп пен жауапкершілік, арнайы дайындықтар және жұмыс ерекшеліктері жайында түсіндірілді.
Өкілдер мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік жеңілдіктер, тұрақты жалақы, қызметтік мүмкіндіктер мен мансаптық өсу жолдары туралы да айтып өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, жастар мамандармен еркін пікір алмасты.
Кездесу соңында күзет қызметінің өкілдері 35 жасқа дейінгі жастарды қызметке жұмысқа шақырып, бұл мамандықтың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.