Колледж өкілдері ауыл мектептерінде кәсіби бағдар жұмысын жүргізді
2026 жылғы 5 мамыр күні Баянауыл көпсалалы колледжінің оқытушысы Аскарова Л.К. және жас маман Ермек А.Н. кәсіби бағдар беру мақсатында Қ.И. Сәтбаев атындағы жалпы білім беру орта мектебіне және Теңдік ауылының жалпы білім беру орта мектебіне барып, мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға колледжде даярланатын мамандықтар, оқу бағыттары және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, талапкерлерге қабылдау ережелері түсіндіріліп, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар жөнінде кеңінен айтылды.
Шара барысында оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасы, өндірістік тәжірибе және студенттік өмір туралы қызықты мәліметтермен танысты. Сондай-ақ болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасу ұйымдастырылды.
Мұндай кездесулер ауыл мектептері оқушыларының кәсіби бағдарын айқындауға және олардың болашақ оқу орнын таңдауда дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі.