Колледж жігіттері аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Баянауыл көпсалалы колледжінің ер азаматтары мен студент жігіттері колледждің акт залында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Мерекелік шара барысында колледждің қыз-келіншектері мен ұстаздарына арналған жылы лебіздер айтылып, әндер шырқалып, түрлі шығармашылық қойылымдар көрсетілді. Сонымен қатар, аруларға арнайы сыйлықтар табысталып, көктем мерекесіне арналған ізгі тілектер білдірілді.
Концерттік бағдарлама көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Шараның мақсаты – әйел азаматтарға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы рөлін дәріптеу және мерекелік көңіл күй қалыптастыру болды.
Мерекелік кеш әсерлі сәттерге толы өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.