РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
5 октября, 2026

Мұғалімдер күніне арналған мерекелік жиын: Колледж оқытушылары облыстық деңгейдегі марапаттарға ие болды

Мұғалімдер күні қарсаңында Баянауыл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы аудандық мәдениет үйінде мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиын жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп жүрген үздік педагогтердің еңбегін ұлықтауға арналды.

Мерекелік шарада Баянауыл аудандық білім бөлімінің басшысы Төлеген Қанатұлы Ахаев сөз сөйлеп, ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол өз сөзінде білім саласы өкілдерінің қоғамдағы айрықша орны мен жауапты еңбегіне тоқталып, Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Айгерім Еркенқызы Әбенованың атынан жоғары марапаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Бұл қуанышты сәтте Баянауыл көпсалалы колледжінің оқытушылары да ерекше марапатқа бөленді:

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Садыкова Гульнагима Кенжебековна — Павлодар облысы білім басқармасы басшысы А. Е. Әбенованың Алғыс хатымен;
  • Өндірістік оқыту шебері Кошанова Қызылгуль Бахтыбаевна — Павлодар облысы білім басқармасы басшысы А. Е. Әбенованың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Марапаттарды Баянауыл аудандық білім бөлімінің басшысы Төлеген Қанатұлы Ахаев өз қолымен табыстап, ұстаздардың еңбегіне табыс тіледі.

Әріптестерімізді заңды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби қызметтеріңізге шығармашылық табыс, білімді шәкірттер мен амандық тілейміз!

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide