Отбасы банк мамандары колледж ұжымы мен студенттеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді
2026 жылғы 4 мамыр күні Баянауыл көпсалалы колледжінде Отбасы банк кеңесшілерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында банк мамандары колледж ұжымы мен студенттеріне тұрғын үй жинақ жүйесі, қаржылық сауаттылық және депозит ашудың тиімді жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында қатысушыларға Отбасы банктің бағдарламалары түсіндіріліп, тұрғын үй алуға арналған жеңілдетілген мүмкіндіктер мен жинақ жүйесінің артықшылықтары таныстырылды. Сонымен қатар, банк кеңесшілері студенттер мен қызметкерлерге тегін кеңес беріп, ерікті түрде депозиттік шоттар ашуға көмектесті.
Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті мәліметтер алды. Мұндай кездесулер қаржылық сауаттылықты арттыруға және болашаққа жоспарлы түрде қаражат жинаудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған.