23 октября, 2026
Республика күніне орай мамандықтар арасында «Брейн-ринг» интеллектуалды сайысы өтті
Қазақстан Республикасының Күніне орай колледжімізде мамандықтар арасында қызықты әрі тартысты тақырыптық брейн-ринг сайысы ұйымдастырылды. Бұл зияткерлік сайысқа «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Дәнекерлеу ісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары студенттері, барлығы 7 команда бақ сынады.
Білім мен тапқырлық сынға түскен сайыс бірнеше қызықты кезеңдерден тұрды:
- «4 сурет – 1 жауап»
- «Танымал тұлға»
- «Көрікті жерлер»
- «Қара жәшік»
Қызғылтты да тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
- 1-орын: ГЭД-32 тобы
- 2-орын: ҒҚСП-31 тобы
- 3-орын: ТҰ-22 тобы
Барлық қатысушы топтарды және жүлдегерлерді құттықтаймыз! Жастардың білім мен зеректік көрсетіп, белсенділік танытқаны колледжіміз үшін үлкен мақтаныш.